Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жастар арасындағы экстремизмнің алдын алуға арналған халықаралық форум өтті

НҰР-СҰЛТАН,  18 сәуір. 16-18 сәуір аралығында  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-мен Уфа қаласындағы «Берлек-Единство» геосаяси зерттеулер орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Жастар экстремизмге қарсы: Астана диалогы» тақырыбында халықаралық форум өтті.Бұл туралы  KAZISLAM сайты жазады.

Форумға Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің белгілі сарапшылары мен ғалымдары қатысты.

Форумның мақсаты — жастар арасындағы экстремизмнің алдын алу жұмысында білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Форум барысында сарапшылар радикализмнің алдын алу және оны болдырмау, жергілікті және ғаламдық тәжірибелерін бөлісу, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу және жастар арасындағы зорлық-зомбылық пен экстремизмнің алдын алуда азаматтық қоғам ұйымдарын тарту мәселелері кеңінен талқыланды.

Маңызды форумда Қазақстандағы экстреимзмнің тарихы және пайда болу факторлары тақырыбында «Берлек-Единство» геосаяси зерттеулер орталығының директоры, с.ғ.к. Артур Сүлейменов баяндама жасаса, Өзбекстандағы экстремизм тарихына Өзбекстан Ғылым академиясы Тарих институты бөлімі меңгерушісінің орынбасары Равшан Назаров, жастардың әлеуметтік жілілерге тәуелділігі, олардың арбалу жолдары және өзара жауласу құралдары тақырыбында Қырғызстан Республикасының Президенті жанындағы конфессияаралық және этносаралық жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Икбалжан Мирсайитов баяндамаларын жасады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының өкілі О.Гайко және «Дінтанушылар конгресі» ҚБ сарапшысы Ж.Қарашолақов, ЕҰУ-нің профессорлары А.Жолдасбекова, А.Оспанова және еліміздін құқық қорғау органдарының өкілдері де өз тәжірбиелерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *