Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сот экстремизм үшін айыпталған қызды кешірді

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Атырау облысында кәмелет жасқа толмаған қыз бала әлеуметтік желіге экстремистік бағыттағы жазбаны жариялағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  KAZISLAM хабарлайды.

Жергілікті сотта Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігімен жасы кәмелетке толмаған Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Жасы кәмелетке толмаған Ж. «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында бұқаралық ақпарат құралдарына жататын ашық түрде экстремистік материалдарды, яғни, Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған уағыздаушылар «Ибн Усаймин» және «Ділмұрат Абу Мухаммад» діни материалдарының дыбыс жазбаларын жүктеп, осы уағыздарды өзі тыңдаған», — делінген хабарламада.

Сотта кәмелет жасқа толмаған қыз бала кінәсін толық мойындап, анасы да қызының әрекеті үшін кешірім сұрады. Сот айыпталушыны жауапкершіліктен босатып, заңды түсіндіру түріндегі тәрбиелік ықпал ету шарасын қолданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *