Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шри-Ланкада теракт қаупі туралы ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Шри-Ланка билігі елдегі мешіттерде теракт қауіп-қатері туралы ескерту жариялады. Бұл туралы Islam.ru The Sunday Times ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.

Теракт 26 сәуір, жұма күні болуы мүмкін деген болжам айтылып, мешіттердегі қауіпсіздік деңгейі күшейтілді.

«Тағы терактілер болуы мүмкін деген қауіп бар. Осыған байланысты барлық мешіттерде қауіпсіздік күшейтілді. Алаңдамауға болады» деп мәлімдеді Шри-Ланка полициясының бас инспекторының орынбасары Приянтха Джаякоди

Еске салсақ, Шри-Ланкада 21 сәуір күні ірі терактілер болып, салдарынан 359 адам қаза тапты. Тағы 520-дан аса адам жарақат алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *