Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ-АҚШ мемлекеттік хатшысы мен ҚР ҰҚК төрағасы кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір. 26 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (ҰҚК) Кәрім Мәсімовпен кездесті деп АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Морган Ортагуске сілтеме жасап Азаттық Радиосы  хабарлады .

АҚШ мемлекеттік департаменті сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, Помпео мен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, «арнайы президент уәкілі» Мәсімов елдегі «тарихи транзит» пен маусым айында өтетін президент сайлауы, сонымен бірге «терроризммен күрес саласында екіжақты әріптестікті» талқылаған.

Морган Ортагустың хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстанның «Ауғанстандағы бейбітшілікті қолдауын құптап», «Қытайдың батысындағы адам құқығы жағдайының ушығуы» мәселесін қозғаған. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде қамалған мұсылмандар арасында этникалық қазақтар да бар екені көптен бері айтылып келеді. Помпео бұл жағдайдан зардап шеккендерге АҚШ-тың қолдау көрсететінін жеткізген.

Қазақстанның ҰҚК-нің ресми сайтында әзірге бұл кездесу жайлы ақпарат шықпады.

Шыңжаң аймағындағы лагерьлер жайлы алғаш рет 2017 жылдың көктемінде айтыла бастаған. БҰҰ Шыңжаңдағы «саяси тәрбиелеу орталықтарында» миллионға жуық адам «еркінен тыс» қамауда отырғанын мәлімдеген. Қытай үкіметі басында бұл орталықтардың барын жоққа шығарып келді. Кейін Пекин Шыңжаңдағы саясатын «экстремизмге қарсы шара» деп атап, адамдар еркінен тыс отырған лагерьлерді «тіл үйреніп, кәсіпке баулитын » орталықтар деп түсіндірді.

Құқық қорғаушылар мен ондай лагерьде болған азаматтар бұл орталықтардың білім беру мекемесінен гөрі түрмеге ұқсайтынын, онда отырған адамдарға қысым жасалатынын айтқан.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *