Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Калифорнияның синагогасында студент оқ атты

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір. Калифорния штатының Повей қаласында синагогада ер адам оқ атты, деп хабарлайды РИА Новости.

Бір адам қаза болды, тағы төртеуі зардап шекті, олардың ішінде кәмелетке толмаған балалар мен Исорел Голстайн раввині.

Құқық қорғаушылар 19 жастағы күдікті Джон Эрнестті ұстап алып, жауапқа тартты. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылшының үстінде оқ өтпейтін кеудеше мен дулыға болды.

Мэр Стив Воуз бұл оқиғаны жек көрушілік салдарынан жасалған қылмыс деп айтты.

Бұл оқиғаға  Дональд Трамп түсініктеме берді. «Мен зардап шеккен отбасыларына  көңіл айтамын», — деді ол журналистерге.

«Бұл жек көрушілік себебінен жасалған қылмысқа ұқсайды. Оған сену қиын … ол адам ұсталғандай көрінеді », — деп қосты  ол.

NBC телеарнасының хабарлауынша, шабуыл алдында, бірнеше сағат бұрын  оң жақты радикалды сайтта антисемиттық мәлімдемелері бар хат жарияланды.  Оның авторы өзін JohnTEarnest  деп атады, ол күдіктінің атымен сәйкес келеді.

Авторды Питсбург синагогасына шабуыл жасаған Роберт Боуэрс пен Жаңа Зеландияның Крайстчерчтегі мешіттерінде 50 адамның өліміне қатысы бар Брентон Таррант «рухтандырғаны» айтылған. Сонымен қатар, ол шабуыл жасауды Жаңа Зеландиядағы атыстан кейін көп ұзамай жоспарлағанын мойындады. Сондай-ақ, автор өзің Израильді қолдағаны үшін Трамптың қолдаушысы емес екенін айтады.

Билік өкілдері хат туралы білетіні және оны зерттеп жатқаны туралы хабарланған.

Пенсильвания штатындағы Питтсбургтегі синагогаға  шабуыл 27 қазан күні таңертең болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдаушы ғимаратқа кіріп, антисемиттық ұрандарды қышқырып,оқ ата бастады. Оқиға орнына полиция келген кезде атысу басталды. Кейінірек шабуылшы құқық қорғау органдарына берілді.  11 адам қаза тапты, тағы алты адам, оның ішінде төрт полиция қызметкері жарақаттанды.

Наурыз айының ортасында Жаңа Зеландияның  Оңтүстік аралдағы Крайстчерч  мешіттерінде атыс болды, полиция қызметкерлерінің айтуынша, 50 адам қаза тапқан, 50 адам жарақат алды. Премьер-министр Джасинда Ардерн  бұл оқиғаны террорлық акт деп атады.  28 жасар Австралиялық Брентон Таррант, кісі өлтірді деп айып тағылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *