Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

2019 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ-ның Ауғаныстан жөніндегі семинар өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 08 мамыр. 2019 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтанда Ауғанстан бойынша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) семинары өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  КазТАГ хабарлайды.

«Ауғанстандағы жағдайды шешуге қатысатын халықаралық құрылымдардың және аймақтық қауымдастықтар жұмысының аясында кездесуде « Ауғанстан және ЕҚЫҰ: серіктестік пен ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді кеңейту» тақырыбында ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінің қатысуымен 2019 жылы қазан айында Нұр-Сұлтанда өтетін семинарға дайындық мәселелері талқыланды», — деп сыртқы саясат мекемесінің басшысы Бейбіт Атамқұлов пен ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингермен болған кездесу нәтижесін сейсенбіде Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Бұл іс-шара Ауғанстандағы адами капитал мен инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрақтылықты нығайту бойынша нақты жобаларды жүзеге асыруға ықпал етуі тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *