Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мысырдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ — ҚР СІМ

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр. Мысырда туристік автобустың жарылысынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Telegram-каналында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылғы 19 мамырда Каир қаласындағы Гиза ауданында автокөлік жолында орналастырылған жарылғыш қондырғының жарылысынан туристік автобус пен бірнеше жеңіл автокөлік жарылды. Салдарынан шетелдік туристер мен жергілікті тұрғындар зардап шекті.

Мысыр Араб Республикасы Ішкі істер министрлігінің қазақстандық дипломаттарға берген алдын ала ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», — делінген хабарламада.

ВВС-дің хабарлауынша, Мысырдың Үлкен музейі маңында болған жарылыстан кем дегенде 16 адам жарақат алды. БАҚ-тың мәліметінше, олардың дені шетелдік туристер.

Жарылғыш зат автобус музейдің қоршауы жанынан өтіп бара жатқанда іске қосылған. Көлікте барлығы 28 жолаушы болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *