Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Иранның елордалық аймағында екі тоннадан астам апиын тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр. Тегеран провинциясының полиция бастығы Мохсен Ханчерли екі арнайы операция нәтижесінде өңірдің батысында 2 тонна 293 кг есірткі табылды деп мәлімдеді. Бұл туралы IRNA агенттігіне сілтеме жасап ИрТАГ хабарлайды.

Мохсен Ханчерли дүйсенбі күні арнайы операция нәтижесінде 4 наркодилердің құрықталғаны туралы хабарлады. Сонымен 155 кг гашиш, 2 , 464 тонна апиын, 39 кг морфин және 58 г героин тәркіленді.

Иран есірткі контрабандасымен алдыңғы шепте күресуде. Иран полициясының күш-жігерінің арқасында жыл сайын есірткі трафигі жойылады және опиумның әлемдік айналымының 80% — нан астамы, героин мен морфиннің 40% — ы тәркіленеді.

Есірткінің негізгі ағыны Ауғанстан мен Пәкістаннан теңізге, одан Еуропа мен АҚШ-қа теңіз жолымен барады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *