Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Полиция ақтөбеліктің балконынан 2 келіге жуық есірткі тәркіледі

АҚТӨБЕ, 22 мамыр.  Ақтөбелік өз пәтерінің балконында 2 келіге жуық есірткі сақтаған. Күдікті есірткі шөбін саяжайдан орып алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға пәтерінде есірткі өнімін сақтайтын тұрғын туралы жедел ақпарат келіп түскен. Ақпаратты тексеру барысында 30 жастағы азаматтың үйінен 1 келі 949 грамм болатын марихуана тәркіленді.

«Күдікті есірткі шөбін бос қалған саяжайлардан өзіне пайдалану үшін теріп алғанын айтты.  Тағы бір тұрғын 18 мамырда ерікті түрде полиция қызметкерлеріне бір келіден астам марихуана тапсырды. Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің «Есірткі өнімін заңсыз пайдалану» бабы бойынша сот алды тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 116 келі есірткі (марихуана) тәркіледі және есірткі жасауға қатысты 20 деректі анықтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *