Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қостанай ауруханасынан бомба туралы хаттан кейін науқастар эвакуацияланды

ҚОСТАНАЙ, 27 мамыр.  Жарылғыш зат туралы электрондық поштаға келіп түскен хатқа байланысты Қостанай облысы Жітіқара аудандық ауруханасынан емделушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Жітіқара аудандық орталық ауруханасының электрондық поштасына ғимаратта жарылғыш зат қойылғаны туралы хат келді. Салдарынан 240 адам эвакуацияланды. Оның ішінде жансақтау бөліміндегі науқастар мен аурухана қызметкерлері бар», — деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Ақпаратқа сәйкес, хат иесі жарылғыш затты іске қоспау үшін 50 мың АҚШ долларын талап еткен.

«Сіздің ғимаратқа жарылғыш зат орнаттық. Араларыңызда біздің адамдар бар, олар барлығын көріп отыр. Сондықтан ақымақтық жасамаңдар!! Бізде бәрі дайын, тек түймешекті басу ғана қалып отыр. Бірнеше секундтан кейін өлгеніңізді қаламасаңыз 50 000 доллар төлеңіз! Егер бір түймешекті бассақ сіздерден түк қалмайды. Барлығы біздің бақылауымызда. Егер ақымақтыққа жол берсеңіздер, дереу ғимаратты жарамыз. Төлем үшін шот: биткоинмен», — делінген хатта.

Қазір ауруханада факті бойынша арнайы қызмет органдары жұмыс істеп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *