Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында ер адам ұстау кезінде полицейлерге қарсылық көрсеткен .

ТҮРКІСТАН, 05 маусым. Түркістан облысының полицейлері экстремизм мен терроризмге қатысты іс-шараларды бақылауға алып жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Биыл жыл басынан бері облыс полицейлері бүкіл әлем жұршылығының қауіпті дертімен күресіп, іс-шаралар кешенін белсенді атқарып келеді. Аталмыш іс-шаралар экстремизм мен терроризм бойынша бекітілген жоспарға сәйкес үнемі жүзеге асады.
Мәселен, Түркістан облыстық полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген экстремизм мен терроризмге қарсы жедел іс-шаралары барысында есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өткізу, заңсыз сақтау іс-әрекеттерін жүзеге асырған жайт анықталды.

«Осы дерек бойынша Жетісай аудандық полиция басқармасының мамандары ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіліміне тіркеуге алынды. Облыстың полицейлерінің мәліметінше, ұсталған азамат бұрын сотты болған және деструктивтік діни ағымның ұстанушысы, Жетісай қаласының тұрғыны. Жеделдетілген іс-шараларды атқару барысында күдіктінің тұрғылықты мекен-жайы толық тексеріліп, нәтижесінде 60 грамға жуық есірткі тектес зат табылып, тексере келе табылған заттың «опий» екені анықталды. Ұсталған күдікті өзінің заңсыз іс-әрекетіне қарамастан, полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданған», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда құрықталған азаматқа байланысты тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Іске қатысты барлық құжаттар жинақталып, шешім шығарылу үшін сотқа жолданатын болады.

Облыс полицейлері экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бұл қоғам тұрақтылығының кепілі екендігін естеріңізге салады. Сонымен қатар, экстремизм мен терроризмнен сақтану арқылы өз өміріміз бен болашағымызды сақтаймыз. Мүмкіндігінше діни аудио, бейне жазбаларды тыңдағанда да сақ болу керек. Кез-келген өзін имам секілді ұстаған адамдардан уағыз тыңдап, жақын араласудан сақ болыңыз.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда, адам көп шоғырланған жерлерде тұрған сөмкелерді алудан, ашып көру арқылы қызығушылығыңызды арттырудан абай болыңыз. Күдік тудырған жағдай немесе күдікті зат көрсеңіз, бірден полицияның «102» нөміріне қоңырау шалыңыз. Бұл өз кезегінде экстремизм мен терроризмнің алдын алуға үлкен септігін тигізбек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *