Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Абаев: Әлеуметтік желілер мониторингінің жаңа  жүйесі күзде таныстырылады

НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желілер мониторингінің автоматтандырылған жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, жоба ағымдағы жылы күзде таныстырылады. Бұл туралы “Zakon.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ЭХО КАЗАХСТАНА хабарлады .

Дәурен Абаев Сенат отырысында осы жобаны жүзеге асыруға ел бюджетінен 1,7 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады.

Министр жобаны құрудың себебі әлеуметтік желілерде тыйым салынған ақпараттың санының көптігі болып табылатынын, оны қолмен мониторингілеу мүмкін емес екенін айтты.

“Өзіне-өзі қол жұмсауды, терроризмді және экстремизмді, қатыгездікті және зорлық-зомбылықты насихаттау. Біз осындай мәселелерге тап болдық. Қолмен өңдеу мүмкін емес, өйткені ақпарат көздері көп: әлеуметтік желілер мен мессенджерлер, теледидар, газеттер, радио – қазіргі таңда осылардың бәрімен ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі айналысады. Тек өткен жылдың өзінде 120 мыңға жуық құқыққа қарсы контент түрлі интернет-ресурстардан және порталдардан алынып тасталды”, – деді Абаев.

Сенат отырысының соңында Д.Абаев бүгінгі күні әлеуметтік желілерде тыйым салынған ақпараттың мониторингі бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

“Заңға қарсы контентті анықтау үшін барлық интернет-топтарға ресми түрде жүгінеміз. Қазақстанда тыйым салынғанның барлығын алып тастаймыз. Біз барлық материалдарды қандай да бір сот ісін қабылдау үшін Бас прокуратураға, ІІМ-ге, ҰҚК-ге және Қауіпсіздік Кеңесіне береміз. Күзде сенаторларды жүйемен таныстыруға дайынбыз”, – деді Абаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *