Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Терроризмді насихаттағаны үшін Гамбург-Брамфельд тұрғыны сотталуда

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым. Абу Жамал лақап атымен белгілі 19 жасар Гамбург-Брамфельд қаласының тұрғыны Зинeддин K.  жарты жыл бойы  қамауда отыр. Сейсенбі, 4 маусым күні, ганзей жоғары округтік сотында оның ісі бойынша процесс басталды, деп жазады www.germania.one.

Зинеддин К. «Ислам мемлекеті» террористік ұйымын (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) насихаттауда және тыйым салынған бейнелемелерді пайдалануда айыпталуда.

Айыптаудың мәліметтері бойынша, сотталушы 16 жасында ИМ ант беріп, жастарды содырлар қатарына тартуға тырысты. «Мен қаруланған сіздерді халифатта біздің ту астында көргім келеді!» — деп өз бөлмесінде отырып желіде  көпшілікке ұран тастаған.

Әлеуметтік желілерде Зинеддин K. белсенді түрде ксенофобиялық посттар жариялап, өлтіруге шақырып және тыйым салынған бейнелемелері бар фотосуреттер салған. Жарияланған суреттердің бірінде террористік шабуылдың ықтимал объектісі ретінде Гамбургтегі Эльб филармониясы бейнеленген.

Полиция жігітке үнемі барып, онымен алдын алу әңгіме жүргізді, үйде тінту жүргізілді, бірақ Зинеддин өзінің идеологиясын ұстануды жалғастырды.

Бір күні ол кісі өлтіру жөніндегі нұсқаулықты және ИМ  аумағындағы қаза болғандардың денелерін қорланғанын және атуын көрсеткен 28 минуттық видео бейне жариялады. Бейне астында Зинеддин былай деп жазды: «Ешқандай құндылықты білдірмейтін жексұрындар!» K. Зинеддин сот процесі басталар алдында психиатриялық сараптамадан өтті.

Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, сотталушының есі дұрыс және ешқандай психикалық ауытқулары жоқ. Сот жабық есіктердің артында өтеді. Үкім шілде айының соңында шығарылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *