Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері 4 мыңға жуық есірткі жарнамалаған сайт жабылды

НҰР-СҰЛТАН, 08  маусым. 2019 жыл басталғалы еліміз бойынша есірткі жарнамалаған 3766 интернет ресурс анықталып, бұғатталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Биыл жалпы саны 3766 есірткі жарнамалаған сайт анықталып, жабылды. Одан бөлек, есірткі жарнамалаған 1100  граффити стиліндегі сурет табылды. Бүгінде олардың тізімі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберіліп бұғатталды. Ал суреттерді жою жұмысына жастар мен еріктілер тартылуда. Көп адамдар көшедегі кейбір суреттерде есірткінің жарнамаланып тұрғанын аңғара бермейді. Ал жауапқа тарту мәселесіне келсек, ғимараттарға сурет салғандар ұсталған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады, ал сайт арқылы есірткі жарнамалағандар мен сатқандар қылмыстық жауапқа тартылады», — деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Әмірханов.

Оның айтуынша, өткен жылдың соңында бекітілген есірткі қылмысына қарсы күрес туралы жаңа заңнама биыл өз күшіне енеді.

«Заңнамамен қатар есірткі бизнесіне қатысы бар тұлғаларға қарсы жаза түрлерін қатаңдату қолға алынуда. Бұл тұрғыда бүгінде арнайы жоба әзірлену үстінде. Аталған жобаның аясында Қазақстан аумағында сатуға және қолдануға тыйым салынған 88 атаулы синтетикалық есірткінің тізімі жасақталуда. Одан бөлек, біз оқушылар мен жастар арасында есірткіге қарсы профилактикалық шараларды жиі өткіземіз. Себебі, оның торына оңай түсетін алдымен жасөспірімдер. Тағы бір айта кететін жайт, бүгін бір сайтты жапсақ, ертеңінен жаңасы ашылады», — дейді ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *