Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Үндістанның Премьер-Министрі терроризм бойынша конференция өткізуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди аймақтағы және бүкіл әлемдегі терроризм қаупіне қарсы күрес бойынша жаһандық конференция өткізуге шақырды, деп TOLOnews-ке сілтеме жасай отырып ИрТАГ хабарлайды.  

Мальдив елінің астанасы Мале қаласында, қайта сайланудан кейінгі алғашқы шетелдік сапарында  парламент алдында сөз сөйлегенінде  «терроризм — тек бір елге ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіреді» деп айтты.

«Халықаралық қауымдастық жаһандық конвенцияны және климаттың өзгеру қаупі бойынша көптеген конференцияларды белсенді түрде ұйымдастырды. Неге терроризм мәселесі бойынша емес? «- деді Моди.

Ол «лаңкестер мен олардың жақтастары қолданатын айлаларды жою бойынша нәтижеге бағытталған мазмұнды пікірталастар болатын» жаһандық конференцияны өткізуге шақырды.

Оның келесі аялдамасы, қауіпсіздікке басты назар аударатын, Шри-Ланка астанасы, Коломбо болады.

Естеріңізге сала кетейік, пасхалық жексенбіде болған жарылыс толқыны бүкіл Шри-Ланкада 250-ден астам адамның қаза болуына алып келді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *