Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Таразда бұрын сотталған ер адамнан 20 келі марихуана тәркіленді

ТАРАЗ, 11 маусым. Таразда бұрын сотталған павлодарлықтан 20 кг астам марихуана тәркіленді, деп Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап KazTAG хабарлады. 

«9 маусымда «Көкнәр-2019» ЖПШ барысында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараздағы автовокзал жанынан бұрын сотты болған Павлодар қаласының 39 жасар тұрғынын ұстаған. «Бава» есімді қызметтік итті қолдану арқылы тінту жүргізу барысында оның сөмкесінен жалпы салмағы 21 кг 400 гр болатын «кептірілген марихуана» есірткі құралы тәркіленген» — делінген сейсенбідегі хабарда.

Полицияда хабарланғандай, күдікті ісін мойындап түсінік берген және Тараздағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына тоғытылған, ҚР ҚК 296 б. 4 б. бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *