Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында екі мешітке шабуыл жасап, 50 адамды өлтірді деп күдікке ілінген австралиялық Брентон Таррант айыпты мойындамады.Бұл туралы New Zealand Herald газетіне сілтеме жасап «Азаттық» радиосы хабарлайды.

Күдіктінің кінәсін мойындамайтыны туралы мәлімдемені сотта Тарранттың адвокаты жасаған. Айыпталушы сотқа Оклендете өзі отырған қатаң режимдегі түрмеден видео арқылы қатысты. Басылымның жазуынша, күдікті сот процесіне кекете күліп қарап отырған.

Сот отырысы кезінде судья Тарранттың оны жауапқа тартуға кедергі болуы мүмкін ешбір психикалық ауытқу жоқ екенін айтқан. Сот процесі 2020 жылдың мамырына бекітілген.

15 наурызда Жаңа Зеландиядағы екі мешітке жасалған шабуылдан кемінде 50 адам қаза тауып, 20 адам жараланған. Ел билігі оқиғаны теракт деп атады. Әлем елдерінің жетекшілері Жаңа Зеландия халқына көңіл айтып, шабуылды қатаң айыптады.

Айыпталушы шабуыл кезінде Facebook-та тікелей трансляция жасаған. Ол әлеуметтік желіде 74 беттік ұлттық манифестің мәтінін жариялаған. Онда мұсылмандарды айыптап, мигранттарды «жаулап алушы» деп атаған. Әлеуметтік желіде Таррант әлемнің кез келген жері қауіпсіз емес екенін көрсеткісі келгендіктен шабуылды Жаңа Зеландияда ұйымдастыратынын айтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *