Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Филадельфия портында шамамен 16,5 тонна кокаин тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН,  19 маусым. Америкалық Пенсильвания штатының шығыс округінің прокуратурасы Филадельфия портында құны миллиард доллардан асатын шамамен 16,5 тонна кокаиннің тәркіленгені туралы хабарлады, деп РИА Новости хабарлады.

«Федералды билік Филадельфиядағы Packer Marine портындағы үлкен кемеден 16,5 тонна кокаин тәркіледі. Бұл Пенсильвания шығыс округінің тарихындағы тәркіленген есірткінің ең үлкен көлемі», — деп прокуратура Twitter-дегі парақшасында хабарлайды.

Қара нарықта тәркіленген кокаиннің құны миллиардтан астам долларды құрауы мүмкін.

Прокуратура мәліметтері бойынша, кеме экипажы  ұсталған, оларға айып тағылған. Оқиға бойынша тергеу амалдары өтуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *