Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ҰҚК террористердің ықпалына ерген қазақстандық әйелдер туралы фильм түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни экстремизм мен терроризм қылмысына байланысты түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдер туралы «Құрсаудағы гүлдер» деректі фильмін түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, деректі фильмнің басты кейіпкерлері ДАИШ халықаралық террористік ұйымының (Қазақстанда және бірқатар өзге елдерде тыйым салынған) ықпалына қалай түсіп қалғанын баяндайды. Сонымен қатар, фильмде психологтардың, теологтар мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің, басқа да саладағы мамандардың пікірі келтіріледі.

Қазіргі уақытта аталмыш баппен 14 әйел бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Олардың қылмысының мотивтері әртүрлі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *