Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бішкекте ҰҚШҰ елдері қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің отырысы өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. 27 маусымда Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап КирТАГ  хабарлады.

Комитет отырысы ҰҚШҰ Бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семериковтың қатысуымен,  Қырғызстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев төрағалығымен өтеді. Жиналыс шағын және кеңейтілген құрамда өтеді.

«Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары комитетінің мүшелері ағымдағы жағдайдағы ұжымдық қауіпсіздікке қатысты қатерлер мен қауіптерді, сондай-ақ ҰҚШҰ форматында халықаралық лаңкестік пен экстремизмге қарсы тұрудың қосымша шараларын талқылайды», — делінген хабарламада.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт кеңесінің Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінің бірқатар жобаларын, соның ішінде «Тәжік-ауған шекарасындағы шиеленісті төмендетуге бағытталған қосымша шаралар тізбесі туралы»,  «2019-2021 жылдарға арналған БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық іс-қимыл жоспары туралы» қарастыру  және мақұлдау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 2020 жылға  ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің басшылық органдары мен күштерін бірлесіп оқыту, ҰҚШҰ елдерінің өкілдеріне сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша 2019 жылдың екінші жартыжылдығы — 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша кеңес беру жоспары қолға алынатын болады, сонымен бірге «ҰҚШҰ дағдарысқа қарсы әрекет ету орталығының ақпараттық өзара іс-қимылын реттеу туралы» шешім қабылданады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *