Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Саратов қаласында лаңкестік шабуыл жоспарлаған ИМ жақтаушысы бейтараптандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым. Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Саратов қаласында Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының мүшесі жоспарлаған лаңкестік әрекеттердің алдын алды, деп хабарлайды Федералдық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі .

Ресей азаматы террористік құрылымдардың көшбасшыларына ант беріп, олардың нұсқауларымен  зақымдау құралдары мен қолдан жасалатын жарылғыш құрылғылар шығаруға арналған компоненттер сатып алды және Саратов қаласының гараж кооперативтерінің бірінде жарылғыш заттарды синтездеу үшін лаборатория жабдықтаған.

Қылмыскер ұстау кезінде қарулы қарсылық көрсетіп, Ресейдің ФҚҚ арнайы бөлімшелерінің күштерімен бейтараптандырылды. Қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен азаматтық тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында оқиға орнында атыс қаруы мен оқ-дәрілер, қолдануға дайын жарылғыш зат, сондай-ақ бірнеше жарылғыш құрылғылардың компоненттері табылып тәркіленді.

Террористік акт жасауға дайындық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті жедел-іздестіру шаралары мен тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *