Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылорда облысында сора плантациясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым.  Елімізде кең ауқымды есірткіге қарсы «Көкнар-2019» операциясы жалғасуда, оның негізгі мақсаты- есірткі транзиті арналарын анықтау, Шу алқабында сораны жинау, қайта өңдеу және таратуды болдырмау.Бұл туралы Kazakhstan Today АА хабарлайды.

Маусым айының басынан есірткінің заңсыз айналымымымен байланысты 550 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 190 есірткі қылмысы (95 есірткі өткізу, 18 аса ірі мөлшерде сақтау, 13 контрабанда фактісі, 64 факт құрамында есірткі бар өсімдіктерді егіп-өсіру) және 370 қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Заңсыз айналымнан 310 кг астам есірткі құралы алынды, оның ішінде 298 кг жоғары марихуана, 9 кг. гашиш және 2,3 кг. героин.

Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында құрамында есірткі бар өсімдіктерді егіп-өсіруді анықтау полицейлер жұмысының бір бағытына айналды.

Негізінен бұл есірткілік қасиетіне жауап беретін, негізгі психобелсенді зат-жоғары мөлшердегі тетрагидроканнабинолы бар өсірілген сора.

Осылайша, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында өсірілген сораның 3000 бұтасы бар плантация анықталды. Сондай-ақ, суаруға арналған шлангілер, канистралар, төсек-орын, ыдыс-аяқ табылды.

Аталған факт ҚР Қылмыстық Кодексінің «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру»300-бабының 2-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді. 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *