Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Шешенстанда полиция қызметкеріне ДАИШ лаңкесі шабуылдағаны расталды

НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. Шешенстанның  ұлттық саясат, сыртқы байланыстар және ақпарат министрі шабуылшының террористермен байланысын растады, деп хабарлайды НСН .

Шешенстанда 1 шілде күні, нәтижесінде полиция қызметкері қаза тапқан, бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасағаны үшін Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік тобы (ИГИЛ) жауапкершілікті өз мойнына алды. Естеріңізге сала кетейік, Ачхой-Мартанов ауданындағы бақылау-өткізу бекетіне белгісіз адам шабуыл жасаған. Ол полиция қызметкерің  пышақпен жаралап, граната  лақтырған, кейін ол атыс нәтижесінде өлтірілген. Жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға барар жолда қайтыс болды

Ұлттық саясат, сыртқы байланыстар және ақпарат министрі Джамбулат Умаров шабуылшының лаңкестермен байланысын растады.

 «Орындалу тәсіліне қарасақ бұл қайтадан іске қосылған ДАИШ ұйымының ұяшығы, себебі Шешенстан Республикасының аумағында бір бірінен кейін ұйымдастырылып,  қайталанып жасалған қылмыстар. Менің ойымша, мұнда күмән жоқ. Біз,  Ресейде тыйым салынған ұйым тарапынан осы лаңкестік әрекетті  мойындауды немесе мойындамауды қажет етпейміз», — деді ол.

Министрдің айтуынша, республикада осындай ұяшықтар көп болуы мүмкін.

«Сондықтан біздің міндетіміз-халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің кешенді жоспары бойынша жұмыс істеу. Идеологиялық сектор өз жұмысын лайықты атқаруға тиіс, исламды бір жарым мыңжылдық өркениет ретінде,  терминологияны түсінетін, осындай қантөгісті тапсырма беретін қитұрқылардың  нақты геосаяси міндеттерін орындайтын лаңкес азғындарды ажырататын  сауатты адамдар болуы тиіс. Сондықтан бұл ДАИШ екеніне күмән жоқ.  Рамзан Ахматұлы Қадыров та, оның басшылығымен біз де  күресімізді жүйелі түрде жалғастырып келеміз және Ресей жерінде осы ұяшықтар толығымен жойылмағанша осы күресті жалғастыратын боламыз», — деп атап өтті ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *