Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстан және Өзбекстан әскерилері лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Тәжікстан мен Өзбекстан Қарулы күштерінің кезекті бірлескен оқу-жаттығулары екі кезеңде өтеді, деп хабарлайды ТаджикТА

«Тәжік-өзбек әскери жаттығулары тамыз айының ортасында екі елдің аумағында өтеді: Тәжікстанның солтүстігінде және Өзбекстанның Ферған алқабында», — деп Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ақпарат көзі хабарлады.

Бірінші кезеңде екі мемлекеттің сарбаздары мен офицерлері таулы жағдайлардағы халықаралық терроризм күштерімен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтайтын болады, ал екінші кезеңде мұндай өзара іс-қимыл жазықта пысықталатын болады.

Оқу-жаттығуға бронетехника, авиация, артиллерия жұмылдырылады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 18-22 қыркүйегінде Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Тәжікстанның таулы аудандарында шартты террористік топтарды жою бойынша бірлескен оқу-жаттығуларға қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *