Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШҚО-да шекарашылар 3 мың түп қарасораны жойды

НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде.  – Шығыс Қазақстан облысында шекарашылар шамамен 3 мың түп қарасораны жойды, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлайды. 

«Кеше 09.30-13.00 аралығында «Шығыс» өңірлік басқармасының Зайсан шекара жасағының «Ақжон» заставасының шекарашылары Дайыр ауылдық округі полициясының учаскелік инспекторымен бірге өртеу арқылы жалпы алаңы 70 ш.м. (шамамен 3 мың түп) болатын жабайы өсіп тұрған есірткі шөбінің көзін жойған», — делінген бейсенбідегі хабарда.

Сонымен қатар, Орал шекара жасағының «Орал» заставасының шекарашылары да Рубеж өзенінің маңынан жабайы өсіп тұрған қарасора алқабын байқаған.

«Оның жалпы алаңы 300 ш.м. (шамамен 1 мың түп). Орал маңы полиция бөлімінің қызметкерлері бұл туралы хабардар етілді», — делінген хабарда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *