Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 07 шілде. Ауғанстандағы жарылыстан 12 адам қаза тауып, 43 адам жараланды. Бұл туралы бүгін Pajhwok агенттігі Twitter-де мәлім етті,  деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Ғазна провинциясының орталығы саналатын Ғазна қаласында болған. Агенттіктің xабарына қарағанда, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік директораты ғимаратының алдында автомобиль жарылған. Қаза тапқандардың сегізі қауіпсіздік қызметкерлері, тағы төртеуі бейбіт тұрғындар. Ал зардап шеккендердің көпшілігі — мектеп оқушылары. Олардың жағдайы туралы ақпарат тым мардымсыз.  Лаңкестікке жауапкершілікті әзірге өңірдегі террористік ұйымдардың ешбірі алған жоқ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *