Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РФ мемлекеттік дума спикері: Заң шығарушылардың міндеті — лаңкестер үшін іліктерді жабу

НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Әлемнің түрлі елдерінің заң шығарушылары халықаралық терроризмге қарсы күресте күш-жігерің біріктіруі қажет. Бұл саладағы міндеттердің бірі мемлекеттердің құқықтық реттеуіндегі содырлар үшін кез-келген іліктерді жабу болып табылады, деп мәлімдеді Мемдуманың спикері Вячеслав Володин, деп хабарлайды «Российская газета».

Оның айтуынша, лаңкестікті,  күрестен қандай да бір елдерді шығармай,  тек жалпы күшпен ғана жеңуге болады.

«Заң шығарушылардың нақты міндеті — лаңкестер қолданатын түрлі елдердің құқықтық реттеуіндегі іліктерді «бітеп»  жабу. Мысалы, кейбір лаңкестік ұйымдар бір елдерде террористік деп танылуы мүмкін, ал басқа елдерде заңды түрде әрекет етуі мүмкін. Бұған жол беруге болмайды. Лаңкестік ұйымдар анықтамасын біркелкі ету, бірыңғай тізілімді құруға ұмтылу қажет», — деп атап өтті Володин.

Ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік ассамблеясы аясында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасын үйлестіру және лаңкестік ұйымдардың бірыңғай тізімін қалыптастыру үшін жағдай жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік Думаның спикері нәтижелі жұмыстың осындай көрнекі үлгісі басқа халықаралық институттар үшін де бағдар болуы мүмкін екендігін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *