Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Ирактан әкелінген балалар көп ұзамай үйлеріне жіберіледі

НҰР-СҰЛТАН,11 шілде. Егер дәрігерлер Мәскеуге Ирактан әкелінген балалардың денсаулығынан еш ауыр дерт таппаса, олар бірден дерлік үйіне жөнелтіледі, деп мәлімдеді РФ президенті жанындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл Анна Кузнецова, Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Бейсенбіге қараған түні РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар денсаулығы орталығына Ирактан 33 баланы алып келді. Балалардың аналары сол жақта түрмеде қалған

«Егер балалардан  ауыр сырқат табылмаса, онда, әрине, олар жақын арада, алдыңғы сапарларының тәжірибесі бойынша келесі күні үйлеріне жіберіледі. Жеке өзім олар тез арада үйлерінде болғанын қалаймын, өйткені олардың өмір сүрген жағдайлары балалардың жақсы дамуына ықпал етпейтіні анық», — деді Кузнецова журналистерге.

Оның айтуынша,  « сөйлей алатын ересек балаларға қарағанда, кішкентай балаларды әкелу екі есе қиын болды».

Бұл кәмелеттік жасқа толмаған ресейліктерді Ирактан эвакуациялау бойынша алғашқы операция емес. РФ СІМ мәліметі бойынша, Ирактан кәмелеттік жасқа толмаған  90 ресейлік бала қайтарылып алынған. Балалар омбудсмені Анна Кузнецованың айтуынша, миссияның  аяқталуы осы тамызда жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *