Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

13 шілде – Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде. Осы жылдың аты шулы арнайы операциялары туралы Тотал.кз жазады.

 

1992 жылдың 13 шілдесінде президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР МҚК-тін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті етіп қайта құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күн ведомство қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі.

 

ҰҚК-нің 2019 жылғы аты шулы арнайы операциялары.

6 қаңтарда ҰҚК Қазақстан азаматтарын жауынгерлік іс-қимыл аймақтарынан эвакуациялау бойынша «Жусан» гуманитарлық операциясын бастады. Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды.

«Жусан» операциясының екінші кезеңі 7 және 9 мамырда өтті. Сириядан 231 қазақстандық азамат, оның ішінде, негізінен мектеп жасына дейінгі 156 бала эвакуациаланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары және лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі арнайы баяндамашысы Фионнуал не Аолэйн «Жусан» операциясы-бүкіл әлем үшін үлгі екенін және басқа елдерді қазақстандық арнайы қызметтердің тәжірибесін пайдалануға шақырды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында ҰҚК Шымкент қаласында аты шулы арнайы операция өткізді. Жергілікті бизнесмендерден ірі ақша қаражатын бопсалауды кәсіп еткен ҰҚТ-тың алты мүшесі ұсталды. Банданың негізгі ұйытқысы деструктивті діни ағымның жолын ұстанатын бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталғандар болды.

Бірнеше тінту жүргізілді, ҰҚТ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар құпия жері табылды, 5 бірлік атыс қаруы мен олардың оқ-дәрілері тәркіленді.

Алматыда маусым айында ауқымды арнайы операция өтті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару мен оқ-дәрілерді сатудың ірі арнасының жолын кесті.

Ұзақ уақыт бойы криминалдық атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатумен айналысқан Алматы және Алматы облысының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың мүшелері ұсталды.

Тінту кезінде үш гранатомет, екі «Калашников» автоматы, бес тапанша, үш бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ 1400-ден астам түрлі калибрлі патрондар табылып тәркіленді.

Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жері бойынша қаруды құрастыруға және қайта жасауға арналған майдагерлік шеберхана, сондай-ақ көптеген құрамдас бөліктер табылды. Сонымен қатар, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған компоненттер алынды.

Сондай-ақ маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті алтынды кенді Қытайға контрабандалық жолмен шығарумен ұзақ уақыт айналысқан ҚР және ҚХР азаматтары кіретін трансұлттық ұйымдасқан топтың құқыққа қарсы қызметінің жолын кесті.

Алтынды кенді ауқымды заңсыз өндіру және ұрлау Ақмола облысының Степногорск өңірінде орналасқан кен орындарынан жүзеге асырылды. Шикізатты зерттеу және өңдеу үшін астыртын зертханалар жойылды.

Құрамында жоғары алтын бар қазақстандық кен түрлі минералдар түрінде жалған құжаттар бойынша шет елге шығарылды. Ай сайын қылмыскерлер құрамында алтын бар 100 тонна шикізат шығарып отырған.

Топ мүшелері контрабандалық жүктің кезекті партиясын — 250 миллион теңгеден астам сомаға салмағы 106 тоннадан астам алтынды кен толған екі вагонды шығаруға әрекет жасаған кезде арнайы операция барысында қолға түсті.

ҰҚК қызметкерлерінің жетістіктерін ел басшылығы бірнеше рет атап өтті. 18 наурызда ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке «Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры» арнайы атағын беру туралы жарлық шығарылды. Сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 13 маусымда ҰҚК төрағасының өкілеттігі қайта расталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстваны жаңғырту жұмыстарын белсенді жалғастыруда. Дамудың жаңа стратегиясы белгіленді. ҰҚК «Сырбар» СБҚ қайта құру және қосу жолымен сыртқы барлау функцияларын да өзіне алды. Киберқылмыспен күресу үшін «Қазақстанның Киберщиті» бірегей жүйесі құрылды. Лаңкестікке қарсы орталық республикада діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етеді.

«Тәуелсіздік жылдарында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түбегейлі жаңа жүйесі құрылды, ол жеке тұлғаны, қоғам мен мемлекетті кез келген сыртқы және ішкі қатерлерден қорғауға кепілдік береді. Бүгінгі таңда ҰҚК — мемлекеттің ұлттық мүдделері мен аймақтық қауіпсіздік негіздерін қорғауда сенімді тұрған заманауи, мобильді және тиімді арнайы қызмет», — деп «Сенімді Отан қалқаны» атты мақаласында  ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов жазды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *