Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Асқазанында ірі партия героині бар есірткі тасымалдаушы ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде. Магадандық полицейлер Мәскеуден Магаданға асқазанында құны 2 миллион рубль болатын героин тасымалдаған курьерді ұстады, деп аймақ бойынша Ресей ІІМБ бейсенбі күні хабарлады.

«Ер азамат Мәскеуден Магадан қаласының Сокол әуежайына келгенде ұсталды. Ол Магадан қаласының облыстық ауруханасына жеткізілді, сол жерде оның асқазанынан отыз грамнан астам героин бар цилиндрлік пішінді контейнер алынды. «Қара нарықта» капсула құрамының құны екі миллион рубль (бір мыңнан астам доза) құрауы мүмкін», — делінген хабарламада.

Магадан  тергеушілері «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, дайындау, өңдеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Осы бап бойынша ең жоғары санкция-он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *