Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Таразда түзеу мекемесіне есірткіні жаңғаққа салып өткізбек болған

ТАРАЗ, 24 шілде. Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ерекше режимдегі ЖД-158/7 түзеу мекемесінің ережесін бұзып, заңға қайшы әрекетке баратындар азаймай тұр. Соңғы уақытта тиым салынған заттарды пошта арқылы жіберу белең алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың 19 шілдесі күні мекеме қызметкерлер кезекті рет қамаудағыларға келіп түскен сәлем-сауқатты тексеру барысында көңілге күпті, күдікті заттарды анықтаған.

Режим бөлімінің аға лейтенанты Байболат Қуандық, тінту бөлімінің бақылаушысы Б.Телеу орамахатты жіті тінту кезінде 5 грек жаңғағы ішінен қою жасыл түсті, өзіне тән иісі бар затпен толтырылғандығын анықтаған. Сондай-ақ, бір жаңғақтың ішінен ұялы телефонды қуаттайтын сым табылды. Мұндай қулықты ұйымдаструшылар жаңғақты мұқият желімдеп, табиғи қалпына келтіруге тырысып баққан.

«Сот-сараптамалық талдау көрсеткендей күмәнді зат 17 грамм «гашиш» есірткісі екендігі дәлелденген. «Сәлемдеме» Алматы облысы, Талғар қаласы, Қызылту ауылынан ҚР ҚК 191б.2т, 14б.2т, бойынша сотталған А.Н.Ш-қа жолданыпты. Қазіргі таңда Тараз қалалық Полиция басқармасы 1-ші Полиция бөлімі тарапынан ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бап 1 тармағына сай есірткіні өткізу бойынша іс қозғалды»,-делінген ведомство мәлімдемесінде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *