Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 02 тамыз. Елордада өтіп жатқан Сирия келіссөздерінің екінші күні басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Тараптар екіжақты кездесулер өткізіп, Шам жеріндегі жағдайға байланысты өзара ортақ шешім табуға тырысып көрмек. Бұдан бөлек, күн тәртібіне қандай мәселелер шығарылды?

Қазақ елінің астанасында Шам жеріндегі аxуалға арналған келіссөздердің 13-кезеңі өтіп жатыр. Бұл жолы да елімізге мүдделі тараптардың төрт көзі түгел жиналды. Атап айтқанда Түркия, Ресей, Иран сияқты кепіл мемлекеттер, бұдан бөлек Сирияның қос делегациясы — қарулы оппозиция мен қазіргі үкімет өкілдері келді. Кешелі бері олар екіжақты кездесулер өткізіп, Шам жеріндегі жағдайға байланысты ортақ мәмілеге келуге тырысып жатыр. Олардың барлығы дерлік жабық есік форматында өтіп жатыр. Айта кететін тағы бір жайт, қарулы қақтығысты тоқтатуға септігін тигізетін мемлекеттердің қатары толықты. Осыған дейін БҰҰ мен Иордания бақылаушы дәрежесінде процеске араласса, енді Ирак пен Ливан да түйткілдің түйінін тарқатуға өз үлестерін қоспақ. Санаулы уақыттан кейін пленарлық отырыс басталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *