Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-да ер адам 80 келі марихуанамен ұсталды

Петропавл, 03 тамыз. Солтүстік Қазақстандық тәртіп сақшылар есірткі затын сатты деген күдікпен 46 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп 24.kz хабарлайды. 

Жедел-іздестіру шарасы барысында «Жезқазған — Петропавл» бағытындағы тас жолдың 246-шақырымында полицейлер тоқтатқан «Ниссан Кашкай» автокөлігінен 4 қап өсімдік тектес зат табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша ол 80 келі марихуана және 88 грамм гашиш есірткісі екендігі анықталды.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Жалпы жыл басынан бері өңірде 200 келіден астам есірткі заты тәркіленген екен. Ал оның 112 граммы героин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *