Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының астанасы Кветта қаласында базарда болған жарылыстан бір адам қаза тауып, тоғызы жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы аптадағы екінші жарылыс шиит-хазар қауымы мүшелеріне тиесілі шағын базарда болған. Бұл туралы Anadolu агенттігіне провинцияның Ішкі істер министрі Мир Зия Лангов хабарлады.

Әзірге ешқандай террористік ұйым лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ, алайда Лашкар-и-Джангви сунниттік содырлар тобы өңірдегі хазар жамағатына біраздан бері шабуыл жасап келеді.

Өткен аптада Кветтада полиция учаскесінің маңында болған жарылыс салдарынан төрт адам мерт болып, 20-дан астам адам зардап шеккен еді.

Белуджистан провинциясы мыс, мырыш және табиғи газға бай стратегиялық маңызды өңір. Соңғы он жыл ішінде провинцияда, әсіресе астанасы Кветтада лаңкестік шабуылдар салдарынан 2200 адам қаза тапты.

Провинцияның аумағынан Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізі өтіп жатыр. Жобаның құны 64 млрд АҚШ долларын құрайды. Ол Қытайдың солтүстік-батысындағы Синьсян провинциясын Белуджистандағы Гвадар портымен автомобиль жолдары, теміржол және жүк, мұнай және газ тасымалдау үшін құбыр желілерімен байланыстырып отыруға арналған.

600 шақырымдық жағалау желісі бар Гвадар тереңде орналасқан теңіз порты. Ол арқылы Қытай Үнді теңізіне тікелей шығуды көздеп отыр.

Бұл экономикалық дәліз Қытайға Африка мен Таяу Шығысқа жол ашып қана қоймай, Пәкістанға транзиттік қызмет көрсеткені үшін миллиардтаған доллар әкеледі.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/pakistandagy-zharylys-1-adam-kaza-tauyp-9-y-zharakat-aldy_a3554304

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *