Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғызстанда көкөністің арасына жасырылған героиннің ірі партиясы табылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз.Қырғызстанда көкөністің арасына жасырылған героиннің ірі партиясы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Баткен облыстың ішкі істер басқармасының мәлімдеуінше, Қадамжайда трансұлттық есірткі арнасы анықталған.

Милицияның дерегінше, Үшқорған ауылында қаскүнемдер көкөніс жәшіктерінің арасына жасырып, Ресейге, одан әрі Еуропаға ірі героин партиясын өткізбек болған.

Ақпарат милицияға келіп түскенше қылмыскерлер жүкті тиеп, жолға аттанып үлгерген. Дегенмен тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп жүк көлігін Қаракөл қаласына жете бергенде ұстаған.

Тексеріс кезінде 44 кг 300 грамм героин табылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *