Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей ІІМ: Саратов қаласында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Полиция қызметкерлері аймақтық ФҚҚБ-мен бірлесіп Саратов қаласында есірткі сатқаны үшін күдікті ер адамды қолға түсірді, тінту кезінде одан сегіз килограмм есірткі және 100 килограмм реактив тәркіленді, деп хабарлады Ресей ІІМ   ресми өкілі Ирина Волк.

«Жалға алынған тұрғын үйде ер адам түрлі химиялық реактивтер мен зертханалық жабдықтарды қолданып, тыйым салынған заттарды синтездеп, содан кейін оларды жасырын жерлерге салу арқылы сатқаны анықталды», — деді Волк.

Полиция қызметкерлері үй мен шаруашылық қора-жайларын тінту кезінде зертханалық жабдықтар, 100 килограмнан астам реактивтер, сондай-ақ құрамында метилэфедрон бар сегіз килограмға жуық тыйым салынған заттар тапты.

Қазір ер адам қамауда, қылмыстық істін алдын ала тергеуі жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *