Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Есірткі сатқан Қостанай тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылады

ҚОСТАНАЙ, 20 тамыз. ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті «XXXoxoclub.biz ғаламтор-дүкені арқылы психотропты құралдардың заңсыз айналысына қатысы бар ҚР азаматы Д.Яковенконың заңсыз іс-әрекетін анықтап жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс деректеріне сүйенсек, 2018 жылы ҰҚК департаменті Қостанай облысы аумағында синтетикалық есірткі сатуды жүргізген «XXXoxoclub.biz сайтын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ғаламтор-ресурсын Д.Яковенко есімді азаматтың құрғаны белгілі болды. Оған қоса синтетикалық есірткіні Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелген.

«2018 жылдың 5 қазанында «XXXoxoclub.biz ғаламтор-дүкені арқылы «пировалерон» психотропты құрал аналогының 0,5 грамы сатылған. Сол жылдың 14 наурызында Д.Яковенконың тұрғылықты мекенжайы бойынша тергеу амалдарының кешені өткізілді. Тінту барысында «пировалерон» психотропты құралы аналогының 5 грамм құрамы бар 5 «Zip-пакеті» табылып, тәркіленді. Жауап алуда Д.Яковенко өзінің Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына синтетикалық есірткі құралын өткізгенін және оларды онлайн-дүкен арқылы аймақта сатуға қатысқанын растады», — делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

2019 жылғы 7 тамызда Қостанай қаласының №2 соты Д.Яковенконы ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі, 296-бабы 1-бөлігі және 297-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *