Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирия үкіметінің әскері лаңкестерге бағынышты болған қаланы азат етті

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз.Сирия әскері 5 жылдан бері лаңкестердің қолында болған Хан-Шейхун қаласын бақылауына алды. деп 24.kz хабарлайды.

Үкімет жасақтарының шабуылына шыдамаған қарулы топтар қаланы тастап, қашып шықты. Сонымен әскерилер Идлиб аймағындағы стратегиялық маңызды шаһарды азат етті.

Айта кетейік, Идлиб аймағы президент Башар Асадқа қарсы оппозициялық күштердің бақылауындағы соңғы провинция. Ал Хан-Шейхун қаласы Дамаск шаһарын Хомс және Алеппомен байланыстыратын басты тас жолда орналасқан.  Сондықтан оны азат ету өңірдегі қарулы топтарға қарсы операцияның шешуші кезеңі десе де болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *