Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан азаматы әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін жындыханадан бір-ақ шықты

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз. Сот әлеуметтік желіде заңға қайшы материалдар жариялаған ер адамды күштеп емдету үшін психологиялық стационарға жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik.kz. 

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздеу шаралары барысында 32 жастағы Семей тұрғынын анықтады. Ер адам «ВКонтакте» желісіндегі жеке парақшасында ұлттық алауыздық туғызуға бағытталған мәтіндерді жариялаған», — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Ер адамға қатысты Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлімі » Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліпті. Бұл бап бойынша екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Психиатриялық сараптама қорытындысына сүйенген сот Семей тұрғынының ақыл-есі дұрыс болмағандықтан қауіпті әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Оны психиатриялық стационарда күштеп емдету туралы шешім қабылданды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *