Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Арменияның арнайы қызметі лаңкестікке күдікті Үндістанның екі азаматын ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз. Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚҚ) лаңкестік әрекет жасады деген күдікпен  Интерпол желісі бойынша іздестіріліп жатқан Үндістанның екі азаматын ұстады, деп хабарлайды «Армения жаңалықтары»агенттігіне сілтеме жасап Regnum АА.

ҰҚҚ хабарлауынша, Үндістанның екі азаматы ағымдағы жылдың 8 тамызында Арменияға Стамбул — Ереван әуерейсімен келді. Арнайы қызметтер күдіктілердің бірін 8 тамызда қолға түсірді. Кейінірек, 14 тамызда Үндістанның екінші азаматы ұсталды. Екеуі де лаңкестік пен кісі өлтіруге күдікті.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың сәуір айында Арменияның ҰҚҚ бірнеше лаңкестік әрекет дайындауға күдікті екі адамды ұстады. Тергеу мәліметтері бойынша, зиянкестер қоғамдық орындарда қолдан жасалған 150-ге дейін жарылғыш құрылғыларды орнатуды жоспарлаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *