Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бақшасын «марихуана» алқабына айналдырған қарт ұсталды

ӨСКЕМЕН, 23 тамыз. Өскеменнің тұрғыны бақшасын марихуана алқабына айналдырып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Көкнар-2019»операциясы барысында Өскемен қаласының бірнеше рет сотты болған қарт тұрғынын есірткі екті деген күдікпен ұстаған.

«Күдіктінің ауласынан 126 түп көкнәр тәркіленді. Сараптама қорытындысы тәркіленген өсімдіктің апиын дайындайтын көкнәр екенін көрсетті. Тәртіп сақшылары оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», — делінген департаменттің бапасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жалпы «Көкнар-2019» жедел операциясының  аясында облыс аумағында заңсыз есірткі айналымына қатысты 170 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде есірткілік шөптер өсірудің 12 фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан 77 келіден астам есірткі тәркіленген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *