Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістандық полицейлер есірткі сатқан күдіктіні ұстады

ТҮРКІСТАН, 28 тамыз. Түркістан облысы Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын өзінің таныс азаматы «марихуанна» есірткі затын сатумен айналысатынын айтып арызданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 297 бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркелген және ТО ПД ЕҚҚІҚБ ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен аталған жедел ақпаратты тексеру мақсатында жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген. Жедел іс-шаралар барысында арнайы техникалық құрылғылардың көмегімен арызданушының күдіктіден 7 000 теңгеге 1 дана полиэтилен пакетке салынған, өзіне тән хош иісті жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алғаны түсіріліп алынған. Содан кейін, аталған есірткіге ұқсас затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде ол кептірілген, салмағы 32 гр. марихуанна болып шықты. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті азаматтың кім екені анықталып, үйіне тінту жүргізу барысында қорасынан бір дана қағазға оралған хош иісті зат және есірткіні шегуге арналған құралдары тәркіленіп алынып, айғақты заттарға сараптама тағайындалды. Аталған жайт бойынша күдікті ұсталып, қамауға алынған және қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *