Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғызстан азаматына терроризмді насихаттады деген айып тағылды

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. Ресейдің Тергеу комитеті Приволжск округтік әскери сотының қарауына Қырғызстан азаматына қарсы қозғалған қылмыстық істі жолдады. Оған лаңкестікті жария түрде ақтады және насихаттады, сондай-ақ террористік ұйымдарға азаматтарды тартты деген айып тағылған. Бұл туралы Самар облысы бойынша тергеу комитетіне сілтеме жасап Regnum хабарлайды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 35 жасар қырғызстандық «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік тобының идеологиясын қабылдады. Одан кейін әлеуметтік желілер арқылы Интернетте зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттау мен ақтау белгілері бар ақпаратты тарата бастады.

Кейіннен, 2017-2018 жылдары ол Самара қаласының тұрғынын жалдап, оны осы террористік ұйымның қызметіне қатысуға шақырды.

Агенттіктің хабарлауынша, Сирия, Ауғанстан мен Иракта түрлі лаңкестік топтар  содырларының жағында 800-ге жуық Қырғызстан азаматтары соғысты.

БҰҰ мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше жылда Қырғызстандағы терроризм мен діни экстремизм үшін сотталған адамдардың саны бес еседен артық өсті — 2010 жылы 79 адамнан 2017 жылы 422 адамға дейін. Бұл ретте олардың әрбір бесінші-әйел.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *