Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Маңғыстаулық екі әйелден 88 келі марихуана тәркіленді

АҚТАУ, 07 қыркүйек. Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары 90 келіге жуық есірткіні үйлерінің ауласына жасырып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көкнар-2019» жедел-алдын алу шарасы барысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері  Атамекен ауылының  бұрын сотталған екі тұрғынын құрықтады. Олар 39 және 44 жастағы азаматшалар.

Мәлім болғандай, 5 қыркүйек күні мамандар тінту барысында қызметтік Чак атты иттің көмегімен үйдің ауласынан жерасты жасырын орын тапқан. Ол жерден жалпы салмағы 88 келі болатын жеті үлкен қап шықты. Оның марихуана екені анықталды.

Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігі (есірткі,  психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *