Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ Президенті «Талибан» радикалды қозғалысымен келіссөз жүргізуді тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. АҚШ Президенті Дональд Трамп Кабулдағы жарылыстан кейін Ауғанстан үкіметі және «Талибан» радикалды қозғалысымен келіссөз жүргізуді тоқтатты. Себебі лаңкестік әрекеттен қаза тапқан 12 адамның ішінде 1 американдық әскери бар, деп 24.kz хабарлайды. 

Трамптың айтуынша, келіссөз барысында атысты тоқтатпаған тәліптермен келісім-шарт жасау еш нәтиже бермейді. Сондай-ақ Ақ үй қожайыны егер лаңкестік болмағанда Ауғанстан президенті Ашраф Ганимен және тәліптердің басты өкілдерімен құпия кездеспек болғанын да жазды.

Айта кетейік, бірер апта бұрын АҚШ пен «Талибан» радикалды қозғалысы келісімге келгендігі жайлы хабар тараған. Және де қос тараптың Ауғанстаннан америкалық әскерді шығаруға келіскендігі туралы айтылған еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *