Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек. «Әл-Қаида” террористік ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладенді арнайы операция кезінде атып өлтірген деп хабарлады сенбі, 14 қыркүйекте Ақ үй, деп Азаттық Радиосы жазады. 

«Әл-Қаида” ұйымына жетекшілік еткен Хамза бен Ладен Пәкістан мен Ауғанстан шекаралары маңындағы аумақта қаза тапқан. АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған мәлімдемеде оқиғаның қашан болғаны айтылмайды. Операцияның толық жай-жапсары да жазылмаған.

Мәлімдемеде бен Ладен ұлының өлімі «Әл-Қаида” ұйымының күш-қуатын әлсіретіп, өзге террористік топтармен байланысын азайтпақ деп көрсетілген.

Америкалық БАҚ Хамза бен Ладеннің қаза тапқанын әкімшіліктегі белгісіз ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, тамыз айында хабарлаған еді.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті жас шамасы отыздан енді асқан Хамза бен Ладен «Әл-Қаида» ұйымындағы әкесінің орнын басуды көздеп отыр деп мәлімдеген. Осыдан кейін АҚШ билігі биыл ақпанда оны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін миллион доллар сыйақы тағайындаған.

Мұның алдында Хамза бен Ладен интернет арқылы аудио және видео үндеу жариялап, АҚШ-қа шабуыл жасауға шақырған.

АҚШ-та Усама бен Ладенді 2001 жылы 11 қыркүйекте болған терактіні ұйымдастырды деп санайды. Бұл терактіден шамамен үш мың адам қаза тапқан. Усама бен Ладеннің өзін АҚШ-тың арнайы жасақ өкілдері 2011 жылы мамыр айында Пәкістанда атып өлтірген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *