Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек.»Батыс Африка елдерінің экономикалық қоғамдастығына» (EKOWAS ) кіретін елдердің көшбасшылары өңірдегі күшейіп келе жатқан «исламшыл қаупімен» күреске $1 млрд бөлуді міндеттелді. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі EKOWAS  өңірлік блогы басшысының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады, деп REGNUM жазады.

EKOWAS-тың Батыс африкандық блогының он бес мүшесі, олардың ішінде — Мавритания мен Чад президенттері Буркина-Фасоның астанасы  Угадугуда қауіпсіздіктің жоқтығының өсіп келе жатқан мәселесін шешу үшін кезектен тыс кездесуге жиналды.

EKOWAS-тың Комиссия төрағасы  Жан-Клод Касси Бру комиссия «терроризмге қарсы күрес бойынша бірлескен күш-жігерге қаржылық және шұғыл үлес қосу» туралы шешім қабылдады, деп мәлімдеді және 1 млрд АҚШ долларын бөлуге уәде берді.

Агенттіктің ақпараты бойынша, «Әл-Каидамен» (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) және «Ислам мемлекеті» (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) байланысты топтар осы жылы Сахель аймағында өз позицияларын нығайтты. Олардың белсенділігі жергілікті этникааралық зорлық-зомбылықты, әсіресе Мали мен Буркина-Фасода өршітуге ықпал етті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *