Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Салафизм жақтастары діни алауыздық үшін сотталды

ТҮРКІСТАН, 19 қыркүйек. Түркістан облысында салафизм жақтастары діни алауыздық үшін сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР ҚК 174 бабының 1 тармағы бойынша Сайрам, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласының 3 тұрғыны 3,5 жылдан шартты түрде жауапкершілікке тартылды.

Ұрланған ұялы телефондарды сатып алу мен сату және экстремисттік сипаттағы материалдарды тарату күдігімен үстіміздегі жылдың 4 мамырында Түркістан облысының 4 ауданында (Түркістан қ., Жетісай, Сайрам және Сарыағаш аудандары) жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 60 жуық «салафизм» деструктивті діни ағымын ұстанатын тұлға ұсталды.

Сот үкіміне сәйкес экстремисттік деп танылған Д.Махаматовтың аудио және видео уағыздарын өздерінің сатылымындағы смартфондарына ендіріп сатқан. Қазіргі таңда барлық сотталғандар кінәларын мойындап, діни тақырыптағы сұрақтарына жауап алуға жергілікті мешіт имамдарына баратындықтарын жеткізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *