Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстан азаматы Қазақстан аумағына ірі көлемдегі есірткі затын кіргізбек болған

ТҮРКІСТАН, 22 қыркүйек. Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» өткізу бекетінде  елімізге ірі көлемді есірткі затын енгізудің алдын алды, деп Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Х.А.» атты Тәжікстан Республикасының азаматының автокөлігін тексеру барысында көлікте жасырын орын жабдықталғандығы анықталған. Тереңдетілген техникалық тексеру барысында автокөліктің бамперінде жасырылған спецификалық белгілері бар зат табылып, кейінірек, сараптама қорытындысы бойынша героин екендігі расталды.

Материалдар белгіленген тәртіппен тіркеліп, азамат «Х.А.», тәркіленген героин және автокөлік сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Жыл басынан бастап қазақстандық шекарашылар Мемлекеттік шекарадағы тексеріп-өткізу пунктерінде заңсыз айналымнан 120 килограм есірткі затының жолын кесті. Оның ішінде — 20 кг героин, 7 кг гашиш, 70 кг канабис шайыры, және көптеген көлемде синтетикалық есірткілер.

Шекара арқылы заңсыз есірткі айналымына сенімді тосқауыл қою үшін оларды іздестірудің замануи техникалық құралдары енгізілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *