Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

ТҮРКІСТАН, 23 қыркүйек.  «Көкнәр» және «Допинг» жедел алдын алу іс-шаралары аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 62 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 18 есірткі затын өткізу, 3 аса ірі көлемде есірткіні сақтау фактілері болса, одан бөлек есірткі өсімдіктерінің 38 алқабы жойылды. Полиция қызметкерлері тәркілеген есірткінің жалпы салмағы — 6 тоннаға жуық, оның ішінде 5,5 кг астамы — героин.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты — есірткі қылмысының алдын алу және жолын кесу, күдіктілерді есірткіні сақтау және өткізу кезінде ұстау, құрамында есірткісі бар өсімдіктердің заңсыз егілуі мен есірткіні жеткізу арналарын және басқа да құқық бұзу фактілерін анықтау мен жою.

Мысалы, 17 қыркүйек күні Түркістан облысы полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде Сайрам ауданының тұрғынын ұстады. Күдіктіні тінту кезінде жедел уәкілдер марихуанаға ұқсас өсімдік тектес есірткі затын тапты. Одан әрі ұсталған күдіктінің үйінен тағы бірнеше полиэтилен пакет пен есірткі орамасы тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі заты — жалпы салмағы 5 кг-дан асатын марихуана болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК 296-бабы және 297-бабы бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.

Сондай-ақ, жедел алдын алу іс-шарасында Түркістан облысы ПД ЕҚҚКБ жедел уәкілдері Кентау қаласының тұрғынын ұстады. Ұсталған күдіктінің үйін тінту кезінде тәртіп сақшылары марихуанаға ұқсас өсімдік тектес екі полиэтилен пакетті тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген есірткі заты 1 кг-дан асатын марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері күдіктінің есірткіні қандай мақсатпен сақтағанын, сондай-ақ басқа да қылмыстардың толық мән-жайын анықтауда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *